Полиция оқу жылына дайындалуда, 62 мектепте кемшілік анықтады

Полиция оқу жылына дайындалуда, 62 мектепте  кемшілік анықтады

Оқу жылы қарсаңында, сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 22-30 тамыз аралығында Қарағанды облысының полиция Департаменті "Назар аударыңыз балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Оның шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері жалпы білім беру мекемелері орналасқан жерлерімен оларға іргелес аумақтардағы көше-жол желісінің және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізді. Облыс аумағында барлығы 417 жалпы білім беру мекемелері (мемлекеттік 406 және жеке меншік 11) орналасқан, оның ішінде 171-і қалалық және 246-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы 211 мектеп автожолдарға жақын орналасқан.
Бүгінгі күні облыстың елді мекендерінің көше-жол желісінде 62 білім беру мекемесінің жанында жол белгілері мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының болмауы бөлігінде кемшіліктер бар. Барлық анықталған кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдардың атына анықталған кемшіліктерді жою туралы тиісті нұсқамалар және жол қозғалысын ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар жіберілді.
Жол қозғалысының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және Қарағанды облысы ПД басшылығының ерекше бақылауында.