Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды.

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасын жасап, жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды.

13 тамыз күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 22 жастағы азаматтың жеткізілгендігі туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің жол-көлік оқиғасынан дене жарақаттарын алғандығы анықталды. Ол, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп келе жатқанда, белгісіз автокөлік қаққан. Жүргізуші жәбірленушіге көмек көрсетудің орынына оқиға болған жерден қашып кеткен. Полиция қызметкерлері оқиға орынынан автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жарық шамының бөлшектерін алды. Осы айғақтар жол-көлік оқиғасын жасаған азаматты анықтауға септігін тигізді. Жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен «ізін суытпай» 36 жастағы азамат анықталды. Ол көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол өткелін өтіп келе жатқан азаматты қаққаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Сондай-ақ, қорыққаннан қашып кеткенін айтты. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-1 бабы және 347 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.