Қарағандыда дәрігердің жұмыс орынынан ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды.

Қарағандыда дәрігердің жұмыс орынынан ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды.

29 маусым күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне сол аумақтағы ауруханалардың бірінен дәрігердің жұмыс орынынан құны 80 мың теңге тұратын ұсялы телефон ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел –тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші 50 жастағы аурухана қызметкері, бірнеше уақытқа жұмыс орынынан шығып кеткенін, кейін қайтып келгенде белгісіз біреу ұялы телефонын алып кеткенін айтты. Оқиға орынында полиция қызметкерлері ауруханада орнатылған бейнежазбаларға зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оны қарау барысында жәбірленушінің бөлмесіне кіріп-шыққан жасы 30-25 шамасындағы азаматты анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. 30 шілде күні аталған полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 49 жастағы азаматты қолға түсірді. Күдікті 22-ші шілде күні қаладағы қонақ үйлердің біріне клиент ретінде кіріп, қонақ үйдегі ашық тұрған бөлмелердің бірінен сөмкеде тұрған алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. 36 жастағы жәбірленуіші келтірілген шығын көлемін 500 мыңға бағалады. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.