Жезқазғанның тәртіп сақшылары екі тонауды ашты.

Жезқазғанның тәртіп сақшылары екі тонауды ашты.

20 маусымда Ұлытау облысы Жезқазған қаласының ПБ-ға қаланың 69 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз адамның шабуылына ұшырағанын айтты. Қылмыстың батыл түрде жасалғаны анықталды. Тонауды жасаған қаскөй есікті бұзу арқылы жәбірленушінің пәтеріне кірген. Зейнеткерді қорқытумен екі ұялы телефонын, құжаттарын және алтын бұйымдарын алып кеткен. Шығынның жалпы сомасы 800 мың теңгені құрады. Зейнеткер шамамен 35-40 жастағы шақырылмаған «қонағының» сырт белгілерін сипаттап берді. Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.  2 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полицияның қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу жүргізілуде.  Сонымен қатар, 9 шілдеде Жезқазғанның тәртіп сақшылары 28 маусымда орын алған тонауды ашты. Аталған күні полицияға 19 жастағы жас жігіт жүгінді. Ол шамамен сағат 10.00-де қала көшелерінің бірінде телефонмен сөйлесіп келе жатқан. Сол кезде оған бейтаныс біреу жүгіріп келіп, күш көрсету арқылы ұялы телефонын тартып алып, тығылып қалған. Шығын сомасы 30 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Криминалды полицияның қызметкерлері күдіктіні – қаланың 39 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон алынып, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.