Қарағандыдағы сауда үйінің бірінде бейтаныс әйел алтын білезікті тағып көрем деген сылтаумен иемденіп кеткен.

Қарағандыдағы сауда үйінің бірінде бейтаныс  әйел алтын білезікті тағып көрем деген сылтаумен иемденіп кеткен.

1 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 39 жастағы сауда үйінің бірінің сатушысы жүгінді. Ол алтын бұйымдарын сатумен айналысатынын айтты. Шамамен 26-30 жастағы бір  әйел адам 57 мың теңге тұратын алтын білезікке қатты қызығушылық білдірген. Қолына тағып, өлшеп көрмекші болған. Сатушы оған білезікті ұсынған соң, басқа клиенттерге қызмет көрсетіп кетеді. Бейтаныс әйел, осы жағдайды пайдасына асырып, білезікті тығып, дүкеннен шығып кетеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.7 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – Теміртау қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Алтын білезік алынып, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.15 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен ауданның 18 жастағы тұрғынын ұстады. 12 маусымда жас жігіт шұғыл қоңырау соғып алу үшін  көшедегі 33 жастағы ер адамға келіп, телефонын сұраған. Ұялы байланыс телефонын алған жігіт бір жаққа кетіп, үйлердің арасына тығылған. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші шығын сомасын 160 мың теңгеге бағалады. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.