Саранда ер адам көршісінің мопедін ұрлап кетіп, оны алаңсыз теуіп жүрген.

Саранда ер адам көршісінің мопедін ұрлап кетіп, оны алаңсыз теуіп  жүрген.

29 мамырда Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Жас жігіт сатып алған мопедін көп қабатты үйдің ауласында орналасқан сарайда ұстағанын айтты. Содан, бір күні мопедті айдамақшы болып сарайға барғанда, аталған көлік құралының жоғалып кеткенін байқаған. Шығын сомасы 400 мыңды құрайды. Қаскөй сарайдың есігінен аспалы құлыпты жұлып алып, мопедті  теуіп кеткені белгілі болды. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады. 7 шілдеде жедел іздестіру іс шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Анықталғандай, қасқөй де жәбірленуші тұратын аулада тұрады екен. Жас жігітте мопед пайда болғанын байқаған ол, көлік құралын қайтсе де қолды қылуды мақсат етеді. Ақыры,  ыңғайлы уақытты пайдаланып, өз жоспарын іске асырады. Сотқа дейінгі тергеу барысында ол ұрланған мопедті белсенді қолданғанын түсіндірді: жұмысқа, дүкенге және басқа да істерін бітіріп жүрген. Таныстарына оны заңды түрде сатып алғанын түсіндірген. Мопедтің өзі тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.