Қарағандыдағы компьютерлік клубтың клиенті 940 мың теңгеге залал келтірді.

Қарағандыдағы компьютерлік клубтың клиенті 940 мың теңгеге залал келтірді.

1 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол компьютерлік клубтардың бірінде менеджер болып жұмыс істейтінін айтты. Біреу кассадан 590 мың теңге мен жабдықты ұрлап кеткен. Жалпы шығын сомасы 940 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні – 24 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, қаскөй клубтың тұрақты клиенті болып табылды. Ыңғайлы сәтті пайдалана отырып, білдіртпей кассадан барлық ақшаны алған, сонымен бірге, жинақы жабдықты ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады. 4 шілдеде аталған полиция бөлімінің қызметкерлері таксопарктердің біріне тиесілі автокөлікті алдау жолымен айдап кеткен 29 жастағы ер адамды ұстады. Автокөлік дөңгелек ауыстыратын шеберханада жөндеуде болған. Барлық жұмыстары бітіп, жөнделген кезде күдікті пайда болады. Ол такси жүргізушісімін деп өзін таныстырып, бөтен біреудің көлігіне отырып, айдап кетеді. Шығын сомасы 4 млн.теңгені құрайды. ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері қаскөйді тапты, ол кінәсін толық мойындады. Автокөлік жәбірленуші тарапқа қайтарылды.