Қарағандыда сақтандыру компаниясының қызметкері шамамен 3 млн. теңгеге жалған төлемдер жасағаны анықталды.

Қарағандыда сақтандыру компаниясының қызметкері шамамен 3 млн. теңгеге жалған төлемдер жасағаны анықталды.

Жыл басында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне сақтандыру компанияларының бірінің өкілі жүгінді. Ол белгілі бір тұлға қаржы мекемесіне 3 млн теңгеге жуық шығын келтіргенін хабарлады. Бұл сома жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша сақтандыру төлеміне жалған өтініштер бойынша төленгені белгілі болды. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері бұл комбинацияға, яғни деректер базасын қолдануға рұқсаты бар, осы сақтандыру кампаниясының 24 жастағы қызметкерінің қатысы барын анықтады. Тергеу әрекеттері басталған кезде ол жұмыстан шығып, қашып үлгерген. 20-шы маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол алты эпизод бойынша өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында, көбіне қаскөй Ресей Федерациясы азаматтарының деректерін пайдаланған. Себебі, алаяқ бұл әрекеті оны қандай да бір қиындықтардан қорғайды деп ойлаған. Бірақ, ол өз болжамынан қателескен. Жалған өтініштер бойынша алаяқ 355 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі соманы алып отырған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын тергеу жүргізілуде.