Қарағандылық полицейлер самбодан ҚР спорт шеберлері арасындағы чемпионатқа қатысты

Қарағандылық полицейлер самбодан ҚР спорт шеберлері арасындағы чемпионатқа қатысты

13-15 мамыр аралығында Қарағандыда Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде самбодан спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнирдің құрметті трофейлері үшін Қазақстан Республикасының М1 шеберлері санатындағы спортшылар күресті. Турнирге 364 спортшы қатысты, олардың арасында қарағандылық полицейлер де болды. Полиция намысын Қарағанды қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Шахназар Салин және Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкі ротасының командирі полиция капитаны Дәулет Ысқақов қорғады.Полицейлердің мықты қарсыластары болды.Чемпионатқа еліміздің үздік спортшылары келді, олардың әрқайсысы ең мықты атағы үшін күрескен. Біздің тәртіп сақшылары үшін Жеңіс оңайға соқпады. Спорт майталмандары өз шеберліктерін төсеніштерде көрсетті.Өткізілген жекпе-жектің қорытындысы бойынша, полицейлер өздерінің салмақ дәрежелерінде жүлделі орындарға ие болды. 98 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды спорт шеберлері арасындағы самбо чемпионатының алтын жүлдегері атанған Дәулет Ысқақов иеленді. Ал +98 кг салмақта самбо күресінен спорт ардагерлері арасында өткен чемпионаттың қола жүлдегері Шахназар Салин болды.