Қарағанды полициясы борышкерлерден үш күн бойы төленбеген 13 миллион теңгеден астам айыппұлды өндіріп алды.

Қарағанды полициясы борышкерлерден үш күн бойы төленбеген 13 миллион теңгеден астам айыппұлды өндіріп алды.

26-28 сәуір аралығында Қарағанды облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара міндеті – ішкі істер органдары салған айыппұлдарды өндіріп алуды арттыру, оларға қажетті мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау. Осылайша, ЖПШ барысында Қарағанды қаласының ПБ полиция бөлімшелерінде топтар құрылып, оларға жергілікті полиция қызметінің 120 қызметкері жұмылдырылды. Қарағанды қаласы бойынша барлығы төленбеген айыппұл сомасы 142 млн 136 мың теңгені құрайды. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – 30 млн 369 мың теңге, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 5 млн 845 мың теңге. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша 700 борышкерге хабарлама берді. Олар рейд барысында 5 млн 845 мың теңгеге 309 түбіртек өндірген. Қарағанды қаласының ПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибесінің қызметкерлері борышкерлердің жұмыс орнына 1 млн 556 мың теңге сомасында 110 қаулы жолдаған. Осындай 60 азаматты тікелей ұйымдар мен кәсіпорындарда аралап, олардан 534 мың теңгеден астам қаражат өндіріп алған. Сондай-ақ, жеке сот орындаушылары палатасына 5 млн 877 мың теңгеге 272 қаулы жолданды.
ЖПШ өткізу кезінде Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері шетелдік тіркеу нөмірлері бойынша 1 млн 292 мың теңге сомасына 17 хабарлама таратқан. Арнайы тұраққа төрт көлік те қойылып, жүргізушілеріне жалпы сомасы 1 миллион 681 мың теңге айыппұл салынды. Небәрі үш күннің ішінде борышкерлерден 13 миллион 131 мың теңге төленбеген айыппұл өндірілді.