Қарағандылық полицейлер ақтөбеліктің жүк көлігінен 18 тоннадан астам балықты тапты

Қарағандылық полицейлер ақтөбеліктің жүк көлігінен 18 тоннадан астам балықты тапты

22 сәуірде Қарағанды облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Уылдырық шашу” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. 8.40 шамасында Қарағандыға кіре берістегі Екатеринбург-Алматы автожолында полицейлер Ақтөбенің 28 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жүксалғышта шашылған балық табылды: 17 тонна сазан және 1 тонна 200 келі берша. Жүргізушінің айтуынша, бұл өнімді ол Балқашта жеке кәсіпорындардың бірінде тиеп, Ақтөбе қаласына тасымалдаған. Бұл ретте ер адамда тиісті рұқсат құжаттары болмаған. ҚР ҚК 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.