
15 сәуірден бастап 31 мамыр аралығында Қарағанды облысында "уылдырық шашу" жедел профилактикалық шарасы басталды. Ал Балқаш көлінде бұл акция 25 сәуірде басталып, 10 маусымда аяқталады. Жедел профилактикалық іс – шараларының мақсаты-балық ресурстарын сақтау, уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ тыйым салынған балық аулау учаскелерінде балықты заңсыз аулауға жол бермеу. Осы кезеңдерде полиция қызметкерлері жағалау аймақтары мен белдеулерін қоса алғанда, акваторияларда балықты заңсыз аулауды анықтау және жолын кесу мақсатында аумақтық балық шаруашылығы инспекцияларымен, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік басқармасымен өзара тығыз іс-қимыл жасайтын болады. Бұдан басқа, бөлімшелер басшыларының орынбасарлары жанынан ЖПҚБ, тергеу басқармасы және облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінен жұмыс топтары құрылды. Мұндай топтардың міндеті-жедел алдын алу іс-шараларының барысын бақылау, анықталған бұзушылықтар туралы материалдарды уақтылы қарау және олар бойынша заңды шешімдер қабылдау. Сондай-ақ, іс-шараларды өткізу кезеңінде автожолдарда, вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар поездарын алып жүру маршруттарында, базарларда бақылауды күшейту бойынша табиғатты қорғау полициясының, жол, криминалдық полицияның өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді. Балықты және балық өнімдерін заңсыз әкету, тасымалдау, сатып алу, өткізу фактілерін анықтауға және оларға жол бермеуге ықпал ететін болады.