Танысы Теміртау қаласының тұрғынының банк картасын ұрлап, «пайдаға жаратқан ».

Танысы Теміртау қаласының тұрғынының банк картасын ұрлап, «пайдаға жаратқан ».

 Сәуірдің 12-сі күні Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өзінің банк картасын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін, оның көмегімен бірнеше дүкеннен сауда жасағанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер «ізін суытпай» күдікті жәбірленушінің досы болып шыққан 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.