Теміртау қаласының тұрғыны қылмыстық істі сауатты тергеп, сотқа жәберген полицейлерге алғысын білдірді.

Теміртау қаласының тұрғыны қылмыстық істі сауатты тергеп, сотқа жәберген полицейлерге алғысын білдірді.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллиннің атына Теміртау қаласының тұрғыны Светлана Агаповадан хат келіп түсті. Хат иесі департамент бастығына қарамағындағы қызметкерлердің кәсіби жұмыстарына алғысын білдірген. «Теміртау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріне қылмыстық істі сауатты тергеп, сотқа жіберіп сот шешімінің күшіне енуіне байланысты алғысымды білдіремін. Маған қатысты қылмыс жасалды. Қылмыстық істі тергеу Теміртау қалалық Полиция басқармасына жолданып, іс басқарма бастығының орынбасары Талғат Меймановтың бақылауында болды. Қысқа мерзім ішінде қылмыстық іс жан-жақты тергеліп, сотқа жолданып, сот шешімі бойынша күдікті тиісті жазасын алды. Қазіргі уақытта сот шешімі күшіне енді. Осыған орай полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз»,-деді хат иесі Светлана Агапова.