Қарағанды облысында металл қабылдайтын жерге тапсыру үшін көршісінің ваннасын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Қарағанды облысында металл қабылдайтын жерге тапсыру үшін көршісінің ваннасын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

2 сәуір күні Қарағанды облысы, Абай аудандық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу дәлізде тұрған шойын ваннасын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленуші ұрланған затын 50 мың теңгеге бағалаған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Арада 5 күн өткен соң, криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 54 жастағы көршісі анықталып ұсталды. Ол, ұрланған затты металл қабылдайтын орынға өткізу үшін ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.