
8 сәуірде Қарағанды облысы Приозерск қаласының полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол көпқабатты үйдің кіреберісінен белгісіз біреу құны 57 000 теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткенін хабарлады.Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 24 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай айғақ - велосипед алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.