Қарағанды облысында ауыл тұрғыны сұлулық салонынан құрал-жабдық ұрлап кеткен

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны сұлулық салонынан құрал-жабдық ұрлап кеткен

2 сәуір күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин атындағы кенттік полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 26 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреудің сұлулық салонына кіріп, құрал-жабдықтарды: маникюр аппараты мен шаш түзеткішті ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 65 мың теңгені құрады.
Ғ.Мұстафин атындағы кенттік ПБ тергеушісі Тұрар Жолдасбек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс тіркеді.
8 сәуірде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 30 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұрланған затты өз мүддесіне пайдаланбақ болғанын айтып, кінәсін мойындады. Заттай айғақтар алынды.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.