Қарағандыда полицейлер жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам айыппұлды төлемеген екі көлік жүргізушісін анықтады

Қарағандыда полицейлер жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам айыппұлды төлемеген екі көлік жүргізушісін анықтады

Сәуірдің 8-інен бастап Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қарағанды облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторларымен бірлесіп, шетелдік нөмірлі автокөліктерді тексеру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Сонымен, сәуірдің 8-і күні Б.Момышұлы мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері 22 жастағы «Лада» көлігінің жүргізушісін тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші көлік құралын міндетті сақтандырудан өткізбеген және ҚР ӘҚБтК 230-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, полицейлер мәліметтер базасын тексере келе, көліктің 292 құқық бұзушылық жасағанын анықтады. Олар белгіленген жылдамдықтан асырғаны үшін жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтайтын автоматты стационарлық жүйелермен белгілеп, айқындаған. Айыппұлдың жалпы көлемі 2 млн 98 мың теңгені құрады.
Сәуірдің 10-ы күні полиция қызметкерлері Қарағандының орталығында қызмет атқару кезінде 33 жастағы ер адам басқарған «Ford» көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында аталған көліктің 49 құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды – бұл жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жылдамдықтары айқындалған. Айыппұлдың жалпы көлемі 1 млн 19 мың теңгені құрады. Екі тәртіп бұзушылардың көлік құралын да қосымша тергеу үшін айыппұл салынған автокөліктерді кою тұрағына қойылды.