Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды

9 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне аумаққа қарасты дәмханалардың бірінің маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен белгісіз жүргізуші алдын ала болжам бойынша көлік басқаруына ие бола алмай қалып, 44 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жәбірленуші оқиға орынында көз жұмса, көлік жүргізуші ол жерден ізін суытқан. Жедел –іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» жол-көлік оқиғасын жасаған 20 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктінің көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 тармағы және 347 бабтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.