
26 ақпан күні Қарағанды облысының ПД Балқаш қаласының полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші жеке кәсіпкер екенін, жүк тасымалдаумен айналысатынын айтты.Қазіргі уақытта белгісіз біреудің 2 жүк тасымалдаушы көліктің аккумуляторларын ұрлап кетуіне байланысты жұмысының тоқтап тұрғанын түсіндірді. Шығын 450 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188 бабы"Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
3 сәуір күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 40-жастағы күдікті ер азаматты анықтады және ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.