Қаскүнем Балқаштағы зейнеткердің ұялы телефонын тартып алды.

Қаскүнем Балқаштағы зейнеткердің ұялы телефонын тартып алды.

1 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарлама келіп түсті: шағын аудандардың бірінде тонау орын алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жеткен болатын.
72 жастағы жәбірленуші ер адам көпқабатты үйдің ауласында болғанын және ұялы телефонмен сөйлескенін түсіндірді. Кенеттен зейнеткерге белгісіз біреу жүгіріп келіп, ұялы телефонды алып, қашып кеткен. Шығын мөлшері 140 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 36 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады.
Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.
ҚР ҚК 191 бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.