Қарағандыда өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқ қарағанды тұрғынынан 1 миллион теңгеден астам ақша алдап алып алған.

Қарағандыда өзін банк қызметкерімін деп таныстырған алаяқ қарағанды тұрғынынан 1 миллион теңгеден астам ақша алдап алып алған.

31 наурызда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ер адам өзіне белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, белгісіз адам жәбірленушінің есеп шотынан қаражат шешіп алуға әрекет жасағандығы туралы айтқан.Белгісіз адам ақша қаражатын жоғалтпау үшін жинақталған ақша бар есепшотты сақтандыруды ұсынды. Жәбірленуші тиісінше «рәсімнен» кейін "сақтандырылған" 1 миллион 100 мың теңге көлеміндегі сома өзгенің есепшотында екенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде Нұр-Сұлтан қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.