Қарағанды облысында ауыл тұрғыны зейнеткердің әмиянын үптеп кетті

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны зейнеткердің әмиянын үптеп кетті

29 қаңтарда Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының ПБ-не елді мекендердің бірінің 76 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ол белгісіз адам түнгі уақытта үйге кіріп, ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткенін айтты. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 26 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – жәбірленушінің көршісі, 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.