Қарағандыда ақ түтек боран салдарынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Қарағандыда ақ түтек боран салдарынан 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Ауа-райының күрт өзгеруі, көлік жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамау салдарынан Қарағанды қаласында 29 наурыз кешкі сағат 19.00 ден 30 наурыз сағат 10.30 –ға дейін 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Қарағанды облысы Полиция департаменті, ауа-райының өзгеруіне байланысты жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, алыс сапарларға жолға шықпауды ескертеді.