
1 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі банк картасын жоғалтып алғанын және одан белгісіз біреу дүкеннен 30 мың теңгеге сауда жасағаны туралы арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 25 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел –іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.