
Қарағанды облыстық Полиция департаменті қабырғасында өткен аппараттық жиналыста облыстың бас сақшысы Ерлан Файзуллин Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын басшы құрамға жеткізді. -Барлық жеке құрамға Жолдаудың басым бағыттарын жеткізіп, Жалпыұлттық жоспарды орындауды қолға алу қажет. Біздің алдымызға қойған міндеттердің орындалуы ерекше бақылауда болуы тиіс. Соның бірі Мемлекет басшысы атап өткендей жүйелі түрде қоғамда кездесетін зорлық-зомбылық деңгейін төмендетіп, отбасы-тұрмыстық салада кездесетін қылмыстарды болдырмауымыз қажет. Ол үшін бұндай жұмыстарды жетілдіру мақсатында полицияның сервистік жүйеге көшу жұмыстарын облыстың басқада аудандарында жандандыруымыз қажет,-деді Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин. Сонымен қатар полиция полковнигі Ерлан Файзуллин Жолдауда Мемлекет басшысымен белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыруда полицияның жеке құрамы білімімен күш жігерін салып жұмыс атқаратынын сеніммен атап өтті.