
26 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 56 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу түні бойы аулада тұрған автокөлігіне ұрлыққа түсіп, магнитафон, аккумулятор және құрал-саймандарын ұрлап кеткені туралы арызданған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында ұсталған азаматтың қаланың басқа ауданында осыған ұқсас қылмыс жасағаны белгілі болды. Соңғысында күдікті автокөліктен магнитафонмен бейнетіркегішті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 63 мың теңгені құраған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.