Қарағандыда жәбірленушіден ұялы телефонын тартып алған күдікті қолға түсті

Қарағандыда жәбірленушіден ұялы телефонын тартып алған күдікті қолға түсті

4 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне өздеріне бекітілген аумақта ашық тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші 37 жастағы азамат полиция қызмектерлеріне ұялы телефонмен тсөйлесіп келе жатқанда артынан белгісіз біреу тап беріп, қолындағы ұялы телефонын тартып әкеткенін айтқан. Келтірілген шығын. Көлемі 60 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 13 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.