
21 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, жұмыста болған уақытта белгісіз біреу үйіне кілт таңдау арқылы ұрлыққа түсіп, ас үй ыдыстарымен ақша ұрлап кеткені туралы арызданған. Оған келтірілген шығын көлемі 95 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 21 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жасар азаматша анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.