Қарағандыда жиһаз жасаймын деген желеумен елді алдаған алаяқ ұсталды

Қарағандыда жиһаз жасаймын деген желеумен елді алдаған алаяқ ұсталды

10 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Азаматша полиция қызметкерлеріне алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Ол, үйіне жиһаз алмақшы болып, әлеуметтік желіден өзін жиһаз жасаумен айналысатын жеке кәсіпкермін деп таныстырған белгісіз тұлғамен танысқан. Соңғысы жәбірленушінің сеніміне кіріп, жиһаз жасап беремін деп сендіріп, алдын ала 300 мың теңге ақша алып алған. Кейін, қолына ақша түскен «кәсәпкер», байланысқа шықпай жиһазын жасамай қойған. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда бір қылмысқа қатысы бары анықталды. Ол кезде ұсталған азамат 33 жасар азаматшаға ас бөлмесінің жиһазын жасап беремін деген желеумен 170 мың теңге ақшасын үптеп кеткені белгілі болды.