
23 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленушінің шаруа қожалық иесі болып жұмыс істейтіндігі және қалада ет өнімдерін сататын дүкені бары анықталды. Арыз жазған күні белгісчіз біреу оның ет өнімдерін сататын дүкеніне ұрын кіріп, ет салынып тұрған тоңазытқыштармен кондиционердің мыс трубкаларын ұрлап кеткен. Сөйтіп, аталған заттар істен шыққан. Оған келтірілген шығын көлемі 256 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 14 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен, 26 жастағы күдікті ұсталды. Ол ұрланған заттарды темір қабылдау орынына тапсырғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.