
9 наурызда Қарағанды қаласы ПБ Киров ПБ-не 35 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы ер адам адам моншада болған кезде белгісіз біреу киім ауыстыратын бөлмеден ақша мен күміс шынжырды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.