Теміртауда дүкен сөресінен ұялы телефон ұрлаған ұры ұсталды

Теміртауда  дүкен сөресінен ұялы телефон ұрлаған ұры ұсталды

6 наурызда Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне дүкендердің бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама түсті.
Сатушы 31 жастағы әйел басқа тұтынушыға қызмет көрсетіп жатқан кезде, белгісіз біреу сөреден ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 160 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.