Полицейлер ұрланған көлікті Сәтбаев қаласының тұрғынына қайтарып берді

Полицейлер ұрланған көлікті Сәтбаев қаласының тұрғынына қайтарып  берді

 26 ақпанда Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол үйдің ауласынан белгісіз біреудің көлік ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
7 наурызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеумамалдары жүргізілуде.