
3 наурызда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол жалақысы жоғары жұмыс табуды жоспарлап, көмектесуге уәде берген бір әйелмен өзара келіскен. Бірақ делдал қызметі үшін 600 мың теңге талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін ол байланысын тоқтатады.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, 45 жастағы әйелді ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.