
12 ақпанда Теміртау қалалық ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 50 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ер адам банктердің бірінде белгісіз біреу оның атына 200 мың теңге несие алғанын айтты. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
2 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 23 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Күдіктіт қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.