
12 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне Бұқар жырау даңғылының бойындағы үйдің маңында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Жәбірленуші 25 жастағы жігіт екі бейтаныс адамның жанжал шығарғанын түсіндірді. Қақтығыс кезінде әлгілер жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, ұялы телефонын тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2 наурызда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді - 20 және 26 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.