Қарағандыда спорт кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінен ақша ұрлаған қыз ұсталды

Қарағандыда спорт кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінен  ақша ұрлаған қыз ұсталды

23 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші спорт кешенінде жаттығуға барған,белгісіз біреу киім ауыстыратын бөлмеде орналасқан шкафты ашып, ақшасын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
27 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 18 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, жәбірленушімен бір спорт кешенінде айналысатынын түсіндірді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.