
25 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші өзі танымайтын бір азаматты қонаққа шақырғанын айтты. Бейтаныс адам кеткеннен кейін пәтер иесі құжаттары мен қолма-қол ақшасы бар әмиянның жоғалып кеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
27 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.