Жезқазғанда көлік ұрлаған азамат ұсталды

Жезқазғанда көлік ұрлаған азамат ұсталды

24 ақпанда Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на 44 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша,  бір мекеменің аумағынан белгісіз біреу «Мазда» автокөлігін ұрлап кеткен. Жезқазған қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 58 жастағы ер адам басқарған көлікті құрықтады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.