Қарағанды облысындағы шаруа қожалығынан металл өнімдерін ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағанды облысындағы шаруа қожалығынан металл өнімдерін ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды

21 ақпан күні Қарағанды облысы, Осакаров аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жасар азаматша арызбен шағымданған. Жәбірленуші азаматша сол ауданда шаруа қожалық иесі екені белгілі болды. Белгісіз біреу қожалық қоймасының кілтін бұзып, ішінен металл өнімдерін ұрлап кеткен. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу, күдіктіні анықтау бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.