
27 қаңтар күні Қарағанды облысы, Абай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі темір гаражбен ішіндегі мотциклын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 315 мың теңгені құраған. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 20 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.