
24 ақпан күні полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында, қоғамдық көлік ішінде жасөспірім баланы көліктен шығарып жібермекші болған кондуктордың бейнежазбасы анықталды. Көлікте отырған жолаушылар балаға араша түсіп, кондукторды ажыратқан. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында автобус пен оның 21 жастағы кондукторы және оқиғаға қатысқан 15 жастағы жасөспірім анықталды. Анықтау жұмыстарын жүргізу барысында мектеп оқушысы автобусқа кірген бетте кондукторға оқушы билетімен 40 теңге берген. Алайда, кондуктор оқушыдан толық ақша беруін талап еткен. Осы сәт екеу ара даудамайға себеп болғаны белгілі болды. Ақпаратты тексеру кезінде полиция қызмектерлерімен кондукторға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабына сәйкес хаттама толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Айта кету керек, жоғарыда аталған қоғамдық көлікті анықтау жұмыстары барысыда полиция қызметкерлерімен 25 жастағы азаматтың басқаруындағы басқа қоғамдық көлік тоқтатылып, оның құжаттарын тексеру жұмыстары барысында, жүргізушінің жалған жүргізуші куәлігімен жүргені анықталды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385 бабына сәйкес іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.