
21 ақпан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 35 жастағы азаматша арызбен жүгінген. Жәбірленуші өзі қызмет ететін асхананың киім шешетін бөлмесінен белгісіз біреу ілулі тұрған сөмкеден алтын жүзігін ұрлап кеткені туралы шағымданған. Оған келтірілген шығын көлемі 41 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жасар күдікті азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.