Шахтинск қаласының тұрғыны үйіне ұрлық жасамақшы болған күдіктінің үстінен түсті

Шахтинск қаласының тұрғыны үйіне ұрлық жасамақшы болған күдіктінің үстінен түсті

22 ақпан күні Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаладағы көп қабатты үйлердің біріне үй ұрыс түскені туралы ақпарат түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. 41 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне үйіне кірген бетте есікті іштен жабуды ұмытып кеткенін, арада бірнеше минут өткен бетте үйге белгісіз біреудің кіргенін естігенін түсіндірген. Кейін арызданушы дауыс шыққан кіре беріске бет алғанда белгісіз азаматша курткасының қалтасынан ақша мен құжаттар салынған әмиянын ұрламақшы болып жатқанын көрген.  Үй иесін көріп қалған күдікті азаматша бірден қаша жөнелген. Жедел әрекеттер барысында полиция қызметкерлермен осы іске қатсы бар деген күдікпен 64 жасар азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.