Полицейлер ұрланған көлікті иесіне тауып берді.

Полицейлер ұрланған көлікті иесіне тауып берді.

31 қаңтарда Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 34 жастағы ер адам жүгінген. Үйдің ауласынан біреу көлік ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткенін айтты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
15 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – Теміртау қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.