Сәтбаев қаласында жұмысқа тұрғызуға уәде беріп ақша алған алаяқ ұсталды

Сәтбаев қаласында жұмысқа тұрғызуға уәде беріп ақша алған алаяқ ұсталды

9 ақпанда Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы жақсы жалақы алатын жұмыс іздеп жүріп, өзіне лайықты орын табуға уәде берген белгілі бір әйелмен кездескен. Қызметі  үшін делдал 900 мың теңге талап еткен. Өтініш беруші қажетті соманы бейтаныс адамға тапсырып , кейін оны таппай қалған. Жедел тергку тобының қызметкерлері күдікті – 38 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.