
Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істейтінін айтты. Клиенттерге қызмет көрсету кезінде, белгісіз біреу кассадан 30 мың теңге ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, ол кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.