Қарағанды облысында жыл басынан бері екі бала жол апатынан зардап шекті

Қарағанды облысында жыл басынан бері екі бала жол апатынан зардап шекті

14 ақпаннан бастап Қарағанды ​​облысында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын бекіту. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Өткен жылы бала зардап шеккен бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полиция жол қозғалысында әрдайым балаларды қорғауға шақырады.Сондықтан балалардың жолдағы қауіпсіздігін ересектер, ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер,  тіпті көлік жүргізушілері де қамтамасыз етуі керек.