
7 желтоқсанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленуші әйел жұмыста болған кезде белгісіз біреу терезенің пластик жақтауын сығып ашу арқылы, жеке үйге кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 253 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 14 ақпанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 24 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар тәркіленді. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатыстылығын анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.